"Бірлік" ансамблі Қазақстанды халық биінің жалпы конкурсында таныстырады

9350
Фотосурет: Gov

Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымының «Бірлік» ансамблі Түркияда өтіп жатқан «Алтынқарагөз атындағы 36-шы Дүниежүзілік халық би байқауына» қатысып жатыр, деп хабарлайды DKnews.kz.

ТҮРКСОЙ мен Түркияның Бурса қаласының әкімдігі бірлесе ұйымдастырған байқауға түркітілдес елдердің үздік ұлттық және би ұжымдары қатысады.

«Бірлік» ансамблі байқауда «Қамшыгер», «Жігер», «Күй шашу» атты хореографиялық композицияларды ұсынбақ. Сондай-ақ, ансамбльдің көркемдік жетекшісі Анель Марабаева «Шара» атты жеке композициясын орындайды.

«Бірлік» ән-би ансамблі – көп ұлтты еліміздің мәдени байлығын паш ететін бірлік пен үйлесімнің нышанына айналған ұжым. Ансамбльдің өнердегі мақсаты – өзара құрмет, бірлік пен татулық сынды құндылықтарды насихаттай отырып, қазіргі қоғамдағы аталған құндылықтардың маңызын мәдениет пен өнер арқылы көпшілікке жеткізу.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -