Израиль Президенті Қазақстанмен ынтымақтастықты нығайтуға мүдделілігін растады

13343
Фотосурет: Gov

Қазақстанның Израильдегі Елшісі Дәулет Ембердиев Израиль Мемлекетінің Президенті Ицхак Герцогқа сенім грамоталарын тапсырды, деп хабарлайды DKnews.kz.

Президент И. Герцогпен болған сұхбат барысында өзара қызығушылық тудыратын салалардағы Қазақстан-Израиль ынтымақтастығын дамыту перспективалары, сондай-ақ көпжақты құрылымдар шеңберіндегі өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды.

Елші Израиль Президентіне Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан ауқымды саяси және экономикалық реформалар жөнінде баяндады.

Израиль Президенті Қазақстанмен жан-жақты әріптестікті одан әрі дамытуға мүдделілігін растады.

Кездесу соңында Президент И. Герцог қазақстандық дипломатқа жауапты қызметінде табыс тіледі.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -