Ғылым қоры мен Сколково инновацияларды коммерцияландыруды талқылайды

3707
Фотосурет: Gov

Ғылым қорының басқарма төрағасы Камиль Ақатов «Сколково» инновациялық орталығының өкілімен кездесті, деп хабарлайды DKnews.kz.

Кездесу Ғылым қорының Мәскеуге сапары барысында бұрын қол жеткізілген уағдаластықтар аясында өтті.

«Сколково» инновациялық орталығының басқарушы директорының орынбасары, өңірлік даму және ТМД елдерімен ынтымақтастық жөніндегі директоры Александр Окунев бірлескен инновациялық идеяларды жүзеге асыру және оларды коммерцияландыру, бизнес пен ғалымдар үшін инновациялық ортаны кеңейту мүмкіндіктері туралы баяндап, қазақстандық жобаларды халықаралық нарыққа шығаруда көмек көрсетуге дайын екенін білдірді.

Өз кезегінде Камиль Ақатов Ғылым қорының қызметі, технологияларды коммерцияландыру, ғылым мен бизнесті интеграциялау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар және іскер серіктестер клубы туралы хабардар етті.

Сонымен бірге, Ғылым қорының басшысы «Ғылым және технологиялық саясат туралы» Заңда көзделген венчурлық қаржыландыру, бизнес-инкубациялау және бизнесті жеделдету механизмін қалыптастыру бойынша жаңа функцияларды іске асыру бойынша жоспарланған шараларға тоқталды.

Тараптар кең ауқымды мәселелерді, соның ішінде жаңа технологияларды коммерцияландыру құралдарын, екіжақты ынтымақтастықты дамыту мүмкіндіктерін және ғылыми әзірлемелерді өндірістік тәжірибеге енгізуді талқылады.

Отырыс соңында Ғылым қорына «Инновацияларды коммерцияландыру орталығы» мәртебесі туралы сертификат табысталды және ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің 2030 жылға дейінгі кезеңге арналған инновациялық ынтымақтастықтың мемлекетаралық бағдарламасы аясында функциялары белгіленді.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -