Қазақстан мен БАӘ Абу-Дабидегі кездесуде Болашақ ынтымақтастықты талқылады

4642
Фотосурет: Gov

 Қазақстан Республикасының Біріккен Араб Әмірліктеріндегі Елшісі Нажмедин Мұхаметәліұлы БАӘ Толеранттылық және қатар өмір сүру министрі шейх Наһаян бен Мубарак Әл Наһаянмен кездесті, деп хабарлайды DKnews.kz.

Кездесу барысында тараптар Қазақстан-Әмірліктер ынтымақтастығының мәселелерін талқылады, сондай-ақ оны одан әрі дамыту перспективалары туралы пікір алмасты. Нақты айтқанда, бейбіт қатар өмір сүруге ұмтылу және толеранттылық идеяларын дәріптеу, бүгінгі сын-қатерлер мен жаһандық проблемаларға қарсы тұру жолында күш жұмылдыру бағытындағы ортақ көзқарастар сөз болды.

Шейх Наһаян Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезінің беделі мен рөліне, сондай-ақ Қазақстанның әлемдегі конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамытуға қосып отырған үлесіне назар аударды.

Кездесудің соңында қазақстандық дипломат БАӘ министріне биыл қазанда өтуі жоспарланған Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі Хатшылығының кезекті отырысына шақыруды табыс етті.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -