Нидвальдендегі келіссөздер: Қазақстан мен Швейцария ынтымақтастығындағы жаңа қадамдар

5929
Фотосурет: Gov

Қазақстанның Швейцариядағы Елшісі Қайрат Саржанов Нидвальден кантонына жоспарлы сапары аясында кантондық үкімет мүшелерімен – экономика департаментінің басшысы Отмар Филлингермен және қаржы департаментінің басшысы Мишель Блехлигермен кездесті, деп хабарлайды DKnews.kz.

Тараптар Қазақстан мен Швейцария арасындағы саяси диалог пен сауда-экономикалық өзара іс-қимылдың оң динамикасын атап, өңіраралық байланыстарды дамытудың маңыздылығын қарастырды.

Қазақстан Елшісі жергілікті компанияларды, оның ішінде Швейцариядағы жалғыз жеңіл моторлы ұшақ өндірушісі «Piltaus Aircraft», әлемге танылған «SoftwareOne» IT компаниясы және әйгілі «Stanserhorn-Bahn» фуникулярлық тасымалдаушы компанияны ынтымақтастықты орнатуға және кеңейтуге шақырды. Қ. Саржанов кездесулер барысында сұхбаттастарды инвестициялық саясат пен Қазақстанда бизнес жүргізудің артықшылықтары туралы ақпараттандырды.

Кантон басшылығы экономикалық ынтымақтастықты кеңейтуге және өңірлік өзара іс-қимылды дамытуға дайын екендігін білдірді. Швейцария тарапы кантондағы түсінікті фискалдық саясат, ыңғайлы көлік байланыстар және дамыған инфрақұрылымның арқасында 2000 компания шоғырланғанын, сондай-ақ географиялық ерекшеліктеріне орай ірі курорттық аймақтар мен туристік көрнекті орындары орналасқаның атап өтті.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -