Италия Вице-министрі Қазақстанның саяси бастамаларын қолдады

7128
Фотосурет: Gov

Қазақстан Елшісі Италияның Сыртқы істер және халықаралық ынтымақтастық министрінің орынбасарымен кездесті, деп хабарлайды DKnews.kz.

Италияның Сыртқы істер және халықаралық ынтымақтастық министрлігінде Қазақстан Елшісі Ерболат Сембаевтың Италияның Сыртқы істер және халықаралық ынтымақтастық министрінің орынбасары Эдмондо Чириеллимен кездесуі өтті.

Тараптар екіжақты ынтымақтастық мәселелерін және екі ел арасындағы қатынастарды одан әрі дамыту перспективаларын, сонымен қоса ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Италияға сапарының қорытындысы бойынша қол жеткізілген негізгі нәтижелер мен келісушіліктерді талқылады.

Бұдан басқа, Е. Сембаев елімізде жүргізіліп жатқан ағымдағы саяси және экономикалық реформалар туралы толықтай айтып берді. Өз кезегінде Э. Чириелли Қазақстанның бастамаларын жоғары бағалап, олардың халықаралық байланыстарды нығайту және Қазақстанның инвестициялық ахуалын жақсарту үшін маңыздылығын атап өтті.

Кездесу соңында тараптар халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша тұрақты байланыстар мен пікір алмасуды жалғастыру қажеттігі бойынша келісті.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -