Қазақстан мен Оңтүстік Корея жасыл бастамаларды талқылауда

10945
Фотосурет: Gov

Қазақстан мен Оңтүстік Корея экология және климаттың өзгеруіне қарсы күрес саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда, деп хабарлайды DKnews.kz.

 Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Көпжақты ынтымақтастық департаментінің директоры Дидар Теменов Корея Республикасының Сыртқы істер министрінің климаттың өзгеруі мәселелері жөніндегі орынбасары Ким Хё Ынмен кездесу өткізді.

Кездесу барысында тараптар климаттың өзгеруімен күрес, жасыл жобаларды жүзеге асыру және халықаралық климаттық ұйымдардағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Олар Жасыл климат қоры (GCF) және Жаһандық жасыл өсу институты (GGGI) аясындағы ынтымақтастықтың перспективалық бағыттарын қарастырды.

Сонымен қатар, орман және су шаруашылығы саласындағы ынтымақтастыққа, соның ішінде Арал теңізін құтқару бойынша халықаралық күш-жігерге ерекше назар аударылды.

Оңтүстік Кореяға сапары барысында Д. Теменов Шығындар мен зиян қоры кеңесінің (Loss and Damage Fund Board) отырысына қатысып, GGGI Бас директорының орынбасары Элена Маклаудпен кездесу өткізді.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -