Қазақстан мен Малайзия жаңа білім беру жобаларын дайындауда

12881
Фотосурет: Gov

Малайзияда Қазақстанмен жоғары білім саласындағы жаңа жобалар талқыланды, деп хабарлайды DKnews.kz.

Қазақстанның Малайзиядағы Елшісі Болат Сүгірбаев Малайзияның Жоғары білім министрі Замри Абдул Қадырмен кездесу барысында білім және ғылым саласындағы екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамытудың өзекті мәселелерін талқылады.

Б. Сүгірбаев кездесу барысында білім беру саласы Қазақстан мен Малайзия арасындағы екіжақты қатынастардың ең перспективті салалардың бірі болып табылатынын атап өтті. Елші сондай-ақ Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүргізіліп жатқан реформалар аясында ҚР саясатының негізгі басымдықтарын атап өтті.

Министр Замри Абдул Қадыр екі ел арасындағы екіжақты қатынастардың дәстүрлі жоғары деңгейін атап өтіп, жоғары білім және ғылыми зерттеулер саласындағы ынтымақтастықты кеңейту жөнінде бірқатар ұсыныстар айтты. Ол Малайзия Қазақстаннан студенттер санын арттыруға мүдделі екенін жеткізді.

Тараптар ведомствоаралық және жоғары оқу орындары арасындағы өзара іс-қимылды кеңейту жоспарларын, сондай-ақ студенттер мен талапкерлер оқуға түсу және оқу кезінде кездесетін мәселелерді шешу жолдарын талқылады.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -