Қазақстандық жоғары оқу орындары әлемдік білім беру жүйесіне интеграциялануда

15972
Фотосурет: DKnews

Қазақстан 19 шетелдік ЖОО-мен білім беру бағдарламаларын жүзеге асырып отыр, деп хабарлайды DKnews.kz.

ҚР ҒЖБМ тарапынан шетелдік жоғары оқу орындарымен стратегиялық әріптестіктерді күшейту бойынша жұмыстар белсенді түрде атқарылуда. Қазіргі таңда елімізде 19 шетелдік жоғары оқу орындарымен білім беру бағдарламалары жүзеге асырылуда. 8 шетелдік жоғары оқу орындарымен серіктестік орнату мәселесі пысықталып жатыр. Бұл филиалдар жастарға, оның ішінде ауыл жастарына, халықаралық стандарттарға сай жоғары білім алуға бірегей мүмкіндік. ҚР ҒЖБМ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитетінің төрағасы Гүлзат Көбенова ОКҚ брифингінде осылай деді.

Оның айтуынша, Ақтөбеде Хериот Уатт университетінің филиалында Қазақстанның 9 өңірінен жастар оқиды. Биыл мұнда РФ Тула облысынан алғашқы студент оқуға түсті. 

«Солтүстік Қазақстанда Аризона университетінің филиалында Қазақстанның 18 өңірінен жастар білім алуда. Сондай-ақ, Атырау облысында Губкин атындағы университеті, Алматы қаласында МИФИ университінің филиалдары табысты жұмыс жасауда. Бұл филиалдар биыл 3-рет қабылдауды жүзеге асырып келеді. 2023 - жылдан бастап Ақтауда Есенов университетінде неміс университеттерінің консорциумы арқылы Тұрақты инжиниринг институты құрылды.  Сонымен қатар, Шығыс Қазақстанда Быдгощ қаласының Экономика университетінің филиалы және Қызылордада Сеултех университетімен бірлесіп, Жасанды ителллект жоғары мектебі ашылды»  Гүлзат Көбенова 

Биылдан бастап Сәтбаев университетінде әлемнің жүздігіне кіретін  Гонконг СіtyU университетінің қос диплом бағдарламасымен серіктестікті бастады. Жақында ғана Қытай және Қазақстанның президенттері ашқан Бейжің тіл және мәдениет университеті қызметін бастады. Абай университетінің базасында Лотарингия университетінің,  Дулати университетінің базасында Д.И.Менделеев атындағы Ресей химия-технологиялық университетінің, Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің базасында - Ташкент ауыл шаруашылығын ирригациялау және механикаландыру инженерлері институтының филиалдары жұмыстарын бастады.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -