"Лу Бань шеберханасы": Қазақстандықтардың Қытайдағы тағылымдамасы

16445
Фотосурет: t.me/gylym_jogary_bilim

Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ оқытушылар делегациясы «Лу Бань шеберханасы» жобасының екінші кезеңі шеңберінде оқудан өту үшін Тяньцзинь қаласына (Қытай) келді, деп хабарлайды DKnews.kz.

Тағылымдама Тяньцзинь кәсіби институтының (TVI) базасында екі апта бойы өтеді. Биылғы жылы ШҚТУ делегациясының құрамы 30% - ға жаңарды және университеттің магистранттары мен докторанттарын қамтыды.

Сапардың бірінші күні ашылу салтанатынан басталды, онда TVI Президенті Wu Zongbao, ШҚТУ академиялық мәселелер жөніндегі проректоры Машекенова Асия Хасенқызы, Халықаралық инженерия мектебінің профессоры Мұздыбаев Мұрат Сейітұлы, сонымен қатар, TVI автомобиль инженериясы институтының өкілдері сөз сөйледі. 
 
Тағылымдама бағдарламасы ақпаратқа толы және автомобиль көлігі мен зияткерлік көлік жүйелері саласында заманауи Қытай жабдықтарын қолдану бойынша практикалық дағдыларды игеруге бағытталған.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -