Олимпиада ойындарының мобильді қосымшасы іске қосылды-2024

9856
Фотосурет: @Drazen Zigic / freepik

Енді App Store мен Google Play-дан Paris 2024 Olympics атты жаңа мобильді қосымшаны жүктеп алуға болады, деп хабарлайды DKnews.kz.

Сіз Парижде я болмаса өз үйіңізде отырып-ақ осы қолданба арқылы Олимпиадаға қатысты барлық ақпаратты біліп, бақылап отыра аласыз.

play.google.com

«Paris 2024 Olympics» ішінде сізді ойындарға жақын ету үшін қажет интерфейстің бәрі бар.

Қолданбада сіз мыналарды таба аласыз:

  • Сізді қызықтыратын барлық ақпарат - «басты» (басты бет).
  • «Менің оқиғаларым». Сіз бұл бөлімді сеанстарды басқару, билеттер туралы ақпаратты көру және Олимпиадада қандай жарыстарда болғаныңыз жайлы ақпарат алу үшін пайдалана аласыз!
  • «Билеттер». Егер сіз билетті сатып алғыңыз келсе немесе билетті мобильді қосымшаға тіркегіңіз келсе, осы бөлімге өтіңіз.
  • «Кесте». Бұл бөлімде сіз спортшылардың өнер көрсету кестесін және жарыс кестесін таба аласыз.
  • «Алау эстафетасы» бөлімі бүкіл Франция мен шетелде эстафетаның жүріп өткен бағытын мұқият қадағалауға мүмкіндік береді.
  • «Ойын картасы» сізге жақын жерде өтетін жарысқа қатысты барлық іс-шараны көрсетеді. Мерекелер, Мәдени іс-шаралар, ұлттық құрамалардың үйлері және фанаттарға арналған аймақтар.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -