ТМД елдері туризм саласындағы өзара іс-қимылды нығайтуда

9361
Фотосурет: Gov

Қырғыз Республикасының Шолпан-ата қаласында Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына мүше елдер арасындағы туризм кеңесінің кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды DKnews.kz.

Жиын барысында туризм саласындағы жаңа тенденциялар, 2024 жылға арналған халықаралық туристік іс-шаралардың күнтізбе жоспарын іске асыру, ТМД елдерінің туристік индустрия қауымдастығы мен бірлескен жұмыс алаңын құру мәселелері талқыланды.

Кеңестің негізгі міндеті – мемлекеттік органдар, ұлттық және өңірлік туристік ұйымдар, фирмалар, кәсіпорындар және халықаралық туристік ұйымдар арасында туризм саласындағы тең құқылы және өзара тиімді ынтымақтастықты дамыту.

«Туризм – экономикалық өсім мен мәдени алмасудың маңызды бөлігі. ТМД аясындағы ынтымақтастық барлық қатысушы мемлекеттердің туризм саласында жаңа мүмкіндігін ашады» Туризм индустриясы комитетінің төрағасы Нұртас Кәріпбаев

Жиын барысында туристік жәрмеңке ұйымдастырылып, делегаттар мен қонақтарға Қазақстанның туристік әлеуеті таныстырылып, негізгі туристік орындар туралы жадынамалар таратылды.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -