Қазақ суретшісінің суреттері Сеулді жаулап алды

5159
Фотосурет: Gov

Сеулде қазақ суретшісінің туындылары көрсетілді, деп хабарлайды DKnews.kz.

Сеулде Орталық Азия елдері мен Оңтүстік Корея суретшілерінің «K-Art with North» атты көрмесі ұйымдастырылып, оның аясында қазақ суретшісі Бақыт Шүкеевтің тамаша еңбектері ұсынылды.

Ашылу рәсімінде сөз сөйлеген Қазақстанның Оңтүстік Кореядағы Елшісі Нұрғали Арыстанов Орталық Азияға қатысты оңтүстіккореялық «K-Silk ROAD» стратегиясында өңір елдері мен Корея Республикасы арасындағы мәдени байланыстарды тереңдетуге үлкен назар аударылғанын атап өтті. Бұл үрдісте «Орталық Азия – Корея Республикасы» ынтымақтастық форумы аясында көпқырлы диалогты одан әрі тереңдету ерекше рөл атқаратыны айтылды.

Кореяның шет тілдер университетінің Халықаралық аймақтық зерттеулер орталығының директоры Каң Джун Ёң өз сөзінде Корея Республикасы Президенті Юн Сок Ёлдің Орталық Азияға жасаған жуырдағы сапарынан кейін өңірге деген қызығушылықтың айтарлықтай артып, мәдени байланыстардың жандана түскенін атап өтті.

Тараптар мәдени-гуманитарлық алмасуларды одан әрі дамытуға, екі ел азаматтарының тікелей байланыстарын кеңейтуге ықпал етуге келісті.

Корей тарапының бастамасымен ұйымдастырылған көрме қаланың Букчхон атты адам көп жүретін туристік ауданында 2024 жылғы 19 шілдеге дейін жалғасады.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -