Сауд Арабиясының Шығыс провинциясы Қазақстанмен экономикалық байланыс орнатуда

5401
Фотосурет: Gov

Сауд Арабиясының ең ірі өнеркәсіптік аймағы Қазақстан өңірлерімен ынтымақтастықты нығайтуға мүдделі, деп хабарлайды DKnews.kz.

Қазақстанның Сауд Арабиясындағы Елшісі Мадияр Меңілбеков өзінің Даммам қаласына іс-сапары аясында Шығыс аймағының губернаторы ханзада Сауд бен Наиф бен Әбделәзизбен және Шығыс аймағындағы Сауда-өнеркәсіп палатасының төрағасы Бадер Әлрезизамен кездесулер өткізді.

Аталған кездесулер барысында қазақстандық дипломат сұхбаттастарына еліміздің инвестициялық мүмкіндіктері және туристік әлеуеті, сондай-ақ саяси және әлеуметтік-экономикалық реформалары, оның ішінде шетелдік инвесторларға қолайлы жағдай жасау үшін елімізде жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы ақпарат берді.

Сонымен қатар, М. Меңілбеков 2024 жылғы 8-13 қыркүйекте Астанада өтетін V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары туралы хабарлады. Ол жарысқа әлемнің ондаған елдерінің өкілдері қатысатынын, ал ойындар аясында спорттың 20 жарыс және 10 көрме түрінен жарыстар өткізу жоспарланғанын атап өтті. Олардың ішінде ат жарыстары, ұлттық жекпе-жек, дәстүрлі зияткерлік ойындар, садақ ату, құстармен аң аулаудың ұлттық түрлері, халық ойындары және т.б.

Бұдан бөлек, Елші ү.ж. 29 шілдеде Алматы қаласында өтуі жоспарланған Қазақстан-Сауд Іскерлік кеңесінің үшінші отырысына өңірдің бизнесмендері мен ірі кәсіпкерлерін қатысуға шақырды.

Кездесу қорытындылары бойынша тараптар өңірлік өзара іс-қимыл саласындағы екі ел арасындағы ынтымақтастық перспективаларын одан әрі кеңейтуге және сауда-экономикалық және инвестициялық салалардағы «B2B» кездесулерін ұйымдастыру үшін өзара сапарлармен алмасуға уағдаласты.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -