"Орталық Азия – Қытай": дипломаттар көпжақты ынтымақтастықтың келешегін талқылады

5632
Фотосурет: Gov

Азия-Тынық мұхит өңірі департаментінің директоры Ерғалым Нұрсәлімұлы бастаған Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің делегациясы «Орталық Азия – Қытай» форматындағы Хатшылығының қызметі бойынша 4-ші консультацияларға қатысты, деп хабарлайды DKnews.kz.

Аталған іс-шараға Орталық Азия елдері және ҚХР дипломаттары қатысты.

Консультациялар барысында тараптар көпжақты ынтымақтастықты одан әрі дамытуды талқылады. Іс-шараның негізгі күн тәртібі 2024 жылғы 30 наурызда ашылу салтанаты өткен «ОА – ҚХР» форматындағы Хатшылықты құру жөніндегі құжаттарды келістіру мәселелерін қамтыды.

Сонымен қатар аталған іс-шара аясында Шэньси провинциясының вице-губернаторы Чэнь Чуньцзянмен кездесу өтіп, осы форматтағы өзара іс-қимыл келешегі туралы пікір алмасылды.

Келіссөздер дәстүрлі достық және іскерлік атмосферада өтті.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -