Чехия мен Қазақстан жоғары білімді дамытуда

3575
Фотосурет: Gov

Қазақстандық және чех университеттерінің биомедициналық инженерия саласындағы ынтымақтастығы талқыланды, деп хабарлайды DKnews.kz.

 

Қазақстанның Чехиядағы Елшісі Бақыт Дүйсенбаев Чех техникалық университетінің биомедициналық инженерия факультетінде болып, факультет деканы Йозеф Розинамен кездесті. Әңгіме барысында тараптар екі елдің жоғары оқу орындары арасындағы ынтымақтастықты дамыту перспективаларын талқылады.

Б. Дүйсенбаев Қазақстан жоғары білім мен ғылымның сапасын арттыруға ерекше назар аударып отырғанын сөз өтті. Осы тұрғыда ол Чехияның қазақстандық студенттер үшін тартымдылығын атап өтті. Елші деканды академиялық ұтқырлық бағдарламалары бойынша қазақстандық университеттермен ынтымақтастық орнату және чех жоғары оқу орнының Қазақстанда филиалын ашу мүмкіндігін қарастыруға шақырды.

Өз кезегінде декан қазақстандық жоғары оқу орындарымен ынтымақтастықтың өзекті жай-күйі туралы хабардар етіп, оның одан әрі дамуына қызығушылық білдірді.

Сонымен қатар, сапар барысында дипломат факультеттің физиотерапия, радиология, оптика және оптометрия саласындағы оқу-зертханалық базасымен және озық әзірлемелерімен танысты.

Тараптар Қазақстан мен Чехия университеттері арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі дамыту бойынша бірлескен жұмысты жандандыруға келісті.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -