Jana Daja / Green Day 2024: Қазақстандағы агроөнеркәсіптік кешеннің болашағы

5511
Фотосурет: Gov

Қазақстандағы ауыл шаруашылығы көрмесінде 20 елдің ауыл шаруашылығы технологиялары мен қызметтері ұсынылдыдеп хабарлайды DKnews.kz.

Шараның ашылуында Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров 5 жылда ауыл шаруашылығының жалпы өнімін екі есеге ұлғайту міндеті агроөнеркәсіп кешенінен заманауи технологияларды енгізуді жеделдету, ауыл шаруашылығы ғылымының жетістіктерін пайдалану, жоғары өнімді техниканы және цифрлық технологиялар қолдануды талап ететінін баса айтты. Мұның барлығын Қазақстан дала күні Jana Dala/Green Day 2024 сияқты платформаларда зерттеуге болады.

Шараға АҚШ, Франция, Германия елдерінің Төтенше және Өкілетті Елшілері, Ресей Федерациясының өкілдігі қатысуда.

Көрмеге агроөнеркәсіп кешенінде жұмыс істейтін Қазақстаннан және алыс-жақын шетелдің 20 елінен 200-ден астам компания қатысты.

Айдарбек Сапаров экспоненттермен танысып, етті мал тұқымдары арасындағы байқауға қойылған 500-ден астам түрлі ауыл шаруашылығы техникасы мен құрал-жабдықтарын, асыл тұқымды малдарды қарап шықты, сондай-ақ түрлі дақылдар пайдаланылған тәжірибелік егістердің нәтижелерін салыстырды.

«Іс-шараның жан-жақты іскерлік бағдарламасы саланың жетілгендігін, фермерлердің жаңа технологиялар мен заманауи шешімдерге деген қызығушылығын көрсетеді» Айдарбек Сапаров

Сондай-ақ іс-шара бағдарламасына ауылшаруашылық дрон шоуы, «Франция – Орталық Азия: жайылымнан үстелге дейін» конференциясы, Қазақстан қой өсірушілерінің республикалық форумы, неміс-қазақ аграрлық-саяси диалогы және басқа да іс-шаралар кіреді.

Ауыл шаруашылығы саласының үздік қызметкерлері Ауыл шаруашылығы министрі мен Ақмола облысы әкімінің медальдармен, төсбелгілермен, алғыс хаттармен және құрмет грамоталарымен марапатталды.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -