Әбу-Дабиде Қазақстан мен БАӘ арасындағы мәдени және ғылыми байланыстардың дамуы талқыланды

6072
Фотосурет: Gov

Әбу Дабиде Қазақстан мен Әмірліктер арасында мәдениет саласындағы ынтымақтастықты дамыту мәселелері талқыландыдеп хабарлайды DKnews.kz.

Қазақстанның Біріккен Араб Әмірліктеріндегі Елшісі Нажмедин Мұхаметәліұлы Халықаралық мәдени дипломатия институтының төрағасы Мұхаммед Камил әл-Муайнимен кездесті. Кездесу барысында екі елдің мәдени және ғылыми орталықтары арасында ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелері талқыланды.

М. әл-Муайни Халықаралық мәдени дипломатия институтының қызметі туралы айтып, қазіргі уақытта Қазақстанның жоғары оқу орындарымен, мәдени және ғылыми орталықтарымен ынтымақтастық табысты дамып келе жатқанын атап өтті.

Қазақстандық дипломат серіктестікті одан әрі дамыту мақсатында оқытушылар мен студент алмасу, ортақ конференциялар мен симпозиумдар өткізудің маңыздылығын айтты.

Тараптар алдағы уақытқа жоспарланған іс-шаралар кестесін қарастырып, бірлесіп жұмыс атқару жөнінде уағдаластыққа қол жеткізді.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -