ЕАЭО шұғыл фитосанитариялық шараларды реттейді

14817
Фотосурет: Akorda

Шұғыл фитосанитариялық шараларды енгізу бойынша өзара іс қимыл жасау тәртібі әзірленуде

Ағымдағы жылдың ақпан айында Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) туралы шартқа мүше мемлекеттердің шұғыл фитосанитариялық шараларды қолдану мәселелерін реттейтін түзетулер күшіне ендідеп хабарлайды DKnews.kz.

ЕАЭО туралы шартта карантиндік объектілердің бірыңғай тізбесінде жоқ зиянды организмдерге қатысты шұғыл шаралар оларды осы тізбеге енгізгенге дейін енгізілетіні айқындалған.

Түзетулерге сәйкес мұндай шаралар Еуразиялық экономикалық комиссияға (Комиссия) және ЕАЭО-ның басқа елдеріне алдын ала хабарланғаннан кейін ғана енгізілуі мүмкін.

Шұғыл шараларды енгізуге ниетті мүше мемлекеттердің іс-қимыл қағидаларын айқындау мақсатында Шұғыл фитосанитариялық шараларды енгізу кезінде ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің өзара іс-қимыл жасау тәртібі әзірленуде.

Осы құжатты іске асыру саудаға негізсіз шектеулерді біржақты тәртіппен енгізу мүмкіндігін болдырмауға мүмкіндік береді. Енді мүше мемлекет шұғыл фитосанитариялық шараны енгізу кезінде тараптарды міндетті хабардар етуден басқа Комиссияға ЕАЭО-ның барлық елдерінің аумақтарында осындай шараны енгізу туралы ұсыныс енгізеді. Өз кезегінде Комиссия консультациялар ұйымдастырады, онда бастамашы ел шұғыл шараны «бестікке» енгізу қажеттігін негіздеуі тиіс. Бұдан әрі, бұл ұсынысты Комиссия Кеңесінің мүшелері қарайды, олардың шешімдері тек консенсуспен қабылданады.

Егер Комиссия Кеңесі тиісті шешім қабылдамаса, бұл шаралар бастамашы елдің аумағында ғана қолданылады деп болжанады.

Бүгінгі таңда Тәртіп жобасы жоғары дайындық сатысында. Шұғыл шараны енгізудің негізділігіне қатысты жекелеген ережелер нақтылануда.

Құжат сондай-ақ шұғыл шараны енгізу/өзгерту/жою туралы хабарлау мерзімдерін және хабарламалардың нысандарын, ЕАЭО кедендік аумағында шұғыл шараны енгізу туралы тараптардың ұсыныстарын қарау бойынша консультация өткізу мерзімдерін, тараптардың уәкілетті органдары арасында ақпарат алмасу форматын айқындайды.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -