Қазақстан мен ЕО: дипломаттар не талқылады?

12309
Фотосурет: Gov

Қазақстан мен Еуропалық одақ ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқыладыдеп хабарлайды DKnews.kz.

Қазақстан Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев ЕО Еуропалық сыртқы іс-қимыл қызметі басқарушы директорының Ресей, Шығыс әріптестігі, Орталық Азия және ЕҚЫҰ жөніндегі орынбасары Люк Девинмен, сондай-ақ ЕО Көші-қон және ішкі істер департаменті Бас директорының орынбасары Йоханнес Лухнермен келіссөздер жүргізді.

Келіссөздер барысында тараптар Қазақстан мен Еуропалық одақтың саяси және сауда-экономикалық ынтымақтастығын, заң үстемдігі мен адам құқықтары, көлік, энергетика, климаттың өзгеруіне қарсы күрес, қоршаған ортаны қорғау, білім және ғылым салаларындағы өзара іс-қимылды, сондай-ақ ҚР мен ЕО арасындағы Кеңейтілген әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісімді іске асыруды талқылады.

Қазақстан азаматтары үшін ЕО визалық режимін жеңілдету мәселесіне ерекше назар аударылды. ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары еліміз Еуропа елдері үшін визасыз режимді енгізу бойынша біржақты қадамдар жасағанын айтып, қазақстандық қоғам шенген визаларын алуды жеңілдететін жауап шараларын күтетінін атап өтті. Ол бұл мәселені тез арада шешуге үміт білдірді.

Сонымен қатар дипломаттар өңірлік қауіпсіздік және Ауғанстандағы қазіргі жағдай туралы пікір алмасты. Қазақ дипломаты ү.ж. 30 маусым - 1 шілде аралығында Дохада БҰҰ ұйымдастырған Ауғанстан бойынша Арнайы өкілдердің үшінші кездесуінің, сондай-ақ ЕО-ның Ауғанстан бойынша Арнайы өкілі Томас Никлассонмен келіссөздердің нәтижелерімен бөлісті.

Жалпы, тараптар Қазақстан мен Еуроодақтың барлық бағыттар бойынша өзара іс-қимыл деңгейіне қанағаттанушылықтарын білдіріп, ынтымақтастықтың алдағы жоспарларын айқындады.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -