Қазақстан Coursera платформасындағы белсенділік бойынша топ-20 елдің қатарына кіреді

16643
Фотосурет: NYSE

Қазақстан жаһандық дағдылар индексі бойынша 109 ел арасында 32-ші орынға ие болды, бұл еліміздегі кадрлардың кәсіби дағдыларын дамытудағы бәсекеге қабілеттілігін көрсетеді, деп хабарлайды DKnews.kz.

Бұл индексті Coursera платформадағы 109 елдің білім алушыларының деректерін талдау негізінде қалыптастырады. Жаһандық дағдылар рейтингі Coursera-да дағдыларды меңгеруді бағалауға, елдің жаһандық инновациялар индексіндегі көрсеткіштеріне, жан басына шаққандағы ЖІӨ-ге, еңбекке қабілетті халықтың қатысу деңгейіне, адами капитал индексіне негізделген. 

Coursera сонымен қатар платформада белсенді жұмыс күшінің пайыздық үлесі бойынша цифрлық чемпиондарды – әлемнің үздік 20 елін атады. Қазақстан платформада оқыту белсенділігі бойынша әлемде 18-орынға ие болды.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -