Питер Фостер Airline Strategy Awards рәсімінде марапатталды

4213
Фотосурет: Air Astana

Air Astana әуекомпаниялар тобының бас атқарушы директоры Питер Фостер Лондонда өткен Airline Strategy Awards рәсімінде Airline Business Award сыйлығын алды.

Бұл арнайы марапат авиакөлік бизнесін дамытуға елеулі стратегиялық үлес қосқан және мықты көшбасшылық көрсеткен сала басшыларына беріледідеп хабарлайды DKnews.kz.

Фостердің басшылығымен Air Astana Еуразиядағы ірі әуекомпаниялар тобына дейін дамыды, әлемдік деңгейдегі қазақстандық брендке айналды және қарқынды өсіп келе жатқан өңірде авиацияның дамуына ықпал етті.

Әуекомпания қауіпсіздіктің, сенімділік пен сервистің жоғары стандарттарын қолдай отырып, акционерлер үшін табыстылыққа қол жеткізді.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -