Марсель және Астана: тікұшақ өндірісі саласындағы жаңа перспективалар

6644
Фотосурет: Gov

Қазақстанның Франциядағы Елшісі Марсель қаласына жұмыс сапармен барды, деп хабарлайды DKnews.kz.

Қазақстанның Франциядағы Елшісі Гүлсара Арыстанқұлова экономика саласындағы екіжақты ынтымақтастықтың перспективаларын талқылау үшін Прованс-Альпі-Лазур жағалауы өңірінің орталығы Марсель қаласына жұмыс сапармен барып қайтты.

Қазақ дипломаты «Airbus Helicopters» компаниясының зауытында заманауи тікұшақтар құрастыру өндірісімен және жоғары технологиялық тікұшақтар паркімен танысты. Сонымен бірге, компания басшыларымен ынтымақтастықтың перспективалары, атап айтқанда Астанада тікұшақтарды құрастыру зауытының әлеуетін дамыту жолдары талқыланды.

Сонымен қатар іссапар барысында Елші «Marseille Fos» порт кешенін аралап, оның жұмысымен танысты. Францияның жетекші портының инфрақұрылымы трафиктің барлық түрлерін (мұнай, сұйық жүк, қатты жүк және жолаушылар) қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Париж қаласының аумағымен сәйкес келетін порттың аймағында логистикалық қоймалар, контейнерлік терминалдар және бірнеше өнеркәсіп (мұнай өңдеу зауыттары, болат өнеркәсібі, химия өндірісі) орналасқан.

«Marseille Fos»-тың өкілдерімен Транскаспий халықаралық көлік бағытын дамытуды қоса алғанда, қазақстандық порттармен байланыс орнату және тәжірибемен алмасу туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -