Иерусалим Патриархы Қазақстанның діни көшбасшылар съезінің бастамаларын мақұлдады

7502
Фотосурет: Gov

Иерусалим Патриархы Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі бастамаларын қолдайды, деп хабарлайды DKnews.kz.

Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі Хатшылығының алдағы отырысына дайындық жұмыстары аясында Қазақстанның Израильдегі Елшісі Дәулет Ембердиев Иерусалим Патриархы Феофил ІІІ-мен кездесті.

Дипломат рухани көшбасшыға жаһандық дінаралық және мәдениетаралық диалогты ілгерілетуге қосқан елеулі үлесі үшін шынайы ризашылығын білдіріп, Съезді дамытудың 2023-2033 жж. арналған тұжырымдамасын іске асыруды, сондай-ақ Съез Хатшылығының алдағы XXII отырысының күн тәртібін талқылады.

Сонымен қатар, Елші ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың еліміздегі кешенді саяси және әлеуметтік-экономикалық реформалардың іске асырылуы туралы егжей-тегжейлі хабардар етті.

Патриарх өз кезегінде еліміздегі қоғамдық-саяси өзгерістерді оң бағалай отырып, Астана алаңының бірегейлігін атап өтті және үйлесімді әлем құрудың игі ісінде өзара іс-қимылға дайын екендігін білдірді.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -