Шекарасыз білім: Қазақстан мен БАӘ ынтымақтастықты кеңейтуде

3179
Фотосурет: Gov

Қазақстан мен Әмірліктер арасындағы білім саласындағы ынтымақтастық талқыландыдеп хабарлайды DKnews.kz.

 Қазақстанның Біріккен Араб Әмірліктеріндегі Елшісі Нажмедин Мұхаметәліұлы Мұхаммед бен Заид атындағы Гуманитарлық ғылымдар университетінің ректоры доктор Халифа Мубарак әл-Захеримен кездесті. Кездесу барысында жоғары білім беру саласындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

Қазақ дипломаты жоғары білім беру саласындағы өзара іс-қимылды дамытудың, оның ішінде оқу орындары арасындағы байланысты нығайтудың ерекше маңыздылығын атап өтті. Сапалы білім алудың және жас ұрпақтың елдің одан әрі дамуындағы маңызды рөліне назар аударды.

Өз кезегінде Халифа әл-Захери университеттің негізгі бағыттары мен ағымдағы қызметі, қол жеткізген жетістіктері туралы айтып берді. Қазақстандық жоғары оқу орындарымен өзара тағылымдамадан өту, студент алмасу бағдарламаларын іске асыруға қызығушылығын растап, халықаралық ынтымақтастыққа ашық екенін жеткізді.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар ынтымақтастықты одан әрі дамытуға және тығыз қарым-қатынасты жалғастыруға келісті.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -