Қазақстан ИКАО жанынан тұрақты өкілдік ашады

4433
Фотосурет: Gov

Қазақстан ИКАО-да ресми тіркелді, деп хабарлайды DKnews.kz.

Қазақстан Республикасының Халықаралық азаматтық авиация ұйымы (ИКАО) жанындағы Тұрақты өкілі Тимур Тілегенов Монреаль қаласындағы ИКАО штаб-пәтерінде осы халықаралық ұйымның Бас хатшысы Хуан Карлос Салазарға сенім грамоталарын табыстады.

Сұхбат барысында азаматтық авиация саласындағы ынтымақтастықты дамытудың өзекті мәселелері талқыланды.

Бас хатшы Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қазақстанның ИКАО жанындағы Тұрақты өкілдігін ашу туралы шешім қабылдағаны үшін алғысын білдіріп, Тұрақты өкілді өз қызметіне кірісуімен құттықтады. Хуан Карлос Салазар Тұрақты өкілдіктің қызметі Қазақстан мен осы Ұйым арасындағы стратегиялық серіктестіктің әрі қарайғы дамуына өз септігін тигізетініне сенім білдірді.

Сонымен қатар Бас хатшы Қазақстанның халықаралық аренадағы жетістіктері мен рөліне жоғары баға бере отырып, әлемнің барлық мемлекеттері мен халықаралық ұйымдармен жақсы қарым-қатынастарды дамытып отырған еліміздің беделін атап өтті.

Хуан Карлос Салазар «ИКАО ұшу қауіпсіздігі мен авиациялық қауіпсіздік деңгейін жоғарылату жөніндегі Қазақстан тарапы жүргізіп отырған реформаларды, сондай-ақ жалпы әуе көлігінің қол жетімділігін арттыруын  жоғары бағалап, оларды мысал ретінде көрсетіп отырады», - деп атап өтті

Тұрақты өкіл Қазақстан басшылығының сәлемін жеткізе отырып, ҚР-мен азаматтық авиация саласындағы көп жоспарлы ықпалдастықты дамыту жөніндегі ИКАО-ның қызметіне қатысты қолдауын білдірді.

«Қазақстан ИКАО-ның белсенді қатысушысы болып табылады және еліміздің тарихында тұңғыш рет Тұрақты өкілдіктің ашылуы Қазақстанның ұшу қауіпсіздігі мен авиациялық қауіпсіздіктің жоғары стандарттарын одан әрі дәйекті түрде енгізуіне ықпал ететініне кәміл сенімдімін», - деп атап өтті Тимур Тілегенов. Сонымен қатар ол Қазақстанның азаматтық авиация саласының ағымдағы жағдайысондай-ақ еліміздің осы саладағы негізгі басымдықтары мен міндеттері туралы әңімелеп берді.

ИКАО-да (Халықаралық Азаматтық авиация ұйымы – Азаматтық авиацияның халықаралық нормаларын белгілейтін және қауіпсіздік пен тиімділікті арттыру мақсатында оның дамуын үйлестіретін БҰҰ-ның мамандандырылған мекемесі) алғаш рет Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен еліміздің ресми өкілі тағайындалғанын айта кету керек. Бұл оқиғаға ҚР Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитетімен Сыртқы істер министрлігінің бірлескен жұмысы арқау болды.

Кездесу соңында тараптар Қазақстан мен ИКАО арасындағы іс жүзіндегі диалогтың одан әрі кеңеюінің бейілділігі мен маңыздылығын растады.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -