Конгрессте АҚШ Орталық Азиямен экономикалық ынтымақтастықты талқылады

8052
Фотосурет: Gov

Вашингтонда АҚШ-тың Орталық Азиядағы саудасы мен инвестицияларының артуы талқыланды, деп хабарлайды DKnews.kz.

Капитолий төбесінде «АҚШ-тың Орталық Азиядағы саудасы мен инвестицияларының артуы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шараны америкалық бизнес, сарапшылар қауымдастығы және АҚШ Конгресі өкілдерінің қатысуымен«International Tax and Investment Center» (ITIC) және «Center for International Private Enterprise» (CIPE) үкіметтік емес ұйымдар ұйымдастырды.

Дөңгелек үстел жұмысына АҚШ Өкілдер палатасы Қазақстан-Америка кокусының тең төрағасы, конгрессмен Джимми Панетта (демократ, Калифорния штаты) және АҚШ Конгресі Сыртқы істер комитетінің Таяу Шығыс, Солтүстік Африка және Орталық Азия бойынша кіші комитетінің және Хельсинки комиссиясының төрағасы Джо Уилсон (республикандық, Оңтүстік Каролина штаты) қатысты.

АҚШ заң шығару билігінің өкілдері Орталық Азиямен экономикалық байланыстарды одан әрі нығайтуға қолдау білдіріп, өңірдегі әл-ауқат пен экономикалық тұрақтылық деңгейін арттыруға бағытталған бастамаларды іске асыруға жәрдемдесуге дайын екендігін растады. Конгрессмендер АҚШ пен ҚР, сондай-ақ өңірдің басқа елдерімен тұрақты қалыпты сауда қатынастарын (PNTR) орнатуға шақырды.

Өз кезегінде, Халықаралық және жеке кәсіпкерлік орталығының (CIPE) директоры Эрик Хонц және Халықаралық сауда әкімшілігінің директоры Мэттью Эдвардс ҚР мен АҚШ арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықтың жоғары деңгейіне назар аударып, Орталық Азияда америкалық бизнестің қатысуын арттырудың маңыздылығын атап өтті.

Сондай бірге қатысушылар ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жүргізіп жатқан экономикалық және демократиялық реформаларын жоғары бағалады. Олардың пікірінше бұл реформалар еліміздің де, жалпы өңірдің де дамуының жаңа векторын белгілеп, америкалық бизнес үшін тартымдылығын арттыруда.

АҚШ-тағы ҚР Елшісі Ержан Ашықбаев халықаралық әріптестермен өзара іс-қимылдың тиімді тетігі ретінде өзін ақтаған еліміздің көпвекторлы саясатқа стратегиялық міндеттемесін атап өтті. Ол Астана Батыс пен Шығыс арасындағы көпір бола отырып, барлық жаһандық ойыншылармен, оның ішінде еліміздің негізгі сауда-экономикалық әріптестерінің бірі болып табылатын Америка Құрама Штаттарымен прагматикалық және өзара тиімді қарым-қатынас орнататынын атап өтті.

Бұл тұрғыда Е. Ашықбаев АҚШ-пен маңызды минералдар, ауыл шаруашылығы, IT технологиялар және т.б. салаларда әріптестікті арттыру перспективаларын атап өтті.

Іс-шара қорытындысы бойынша қатысушылар Орталық Азияны нығайту мен дамытуға бағытталған уағдаластықтарды іске асыру кезінде тараптардың мүдделерін сақтау қажеттігін атап өтті.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -