Нобель сыйлығының лауреаты "Берел"мұражай-қорығына барды

2695
Фотосурет: Gov

Нобель сыйлығының лауреаты Рэ Квон Чунг «Берел» қорық-мұражайындағы экспонаттарды жоғары бағалады, деп хабарлайды DKnews.kz.

Климаттың өзгеруіне қосқан үлесі үшін Нобель сыйлығын алған Рэ Квон Чунг «Берел» қорық-мұражайға барды. Сапар барысында Оңтүстік Кореядан келген қонақ Ұлы даланың мыңжылдық тарихына, сақтар мен түркілердің мәдениетіне тәнті болды. 

Экскурсия барысында қонақтарға «Берел» Қазақстан аумағында органикалық заттар табылып, сақталған жалғыз ескерткіш екені айтылды. Мұражайдан көшпенді ақсүйектердің қабірлері мен ерекше скиф-сібірлердің аң стилінде жасалған жоғары көркем бұйымдар табылып, көпке танымал болды.

Сондай-ақ қонақтар ерте темір дәуірінде өмір сүрген көшпенділердің киімі, ат әбзелдері, ағаштан жасалған бұйымдар, ер-тоқым, мата, ағаш ыдыс-аяқ, былғары және киізден жасалған бұйымдар сияқты бірегей экспонаттармен танысты.


 
Айта кетейік, қорық-мұражай қазақстандықтар арасында танымал. Жыл басынан бері «Берелге» бес мыңға жуық турист келді.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -