Қалалық ортаны дамыту: Қазақстан мен Чехия тәжірибе алмасуда

5500
Фотосурет: Gov

Қазақстан Елшісі Прага мэриясының өкілдерімен ынтымақтастық келешегін талқылады, деп хабарлайды DKnews.kz.

Қазақстанның Чехиядағы Елшісі Бақыт Дүйсенбаев Прага қаласы мэрінің кеңесшісі Петр Пешекпен және қалалық мэрияның халықаралық ынтымақтастық департаментінің басшысы Зузана Хоцковамен кездесу өткізді.

Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Чехия қалалары арасындағы ынтымақтастықты дамытудың өзекті мәселелері мен перспективаларын талқылады.

Б. Дюсенбаев сұхбаттастарды Қазақстанның әкімшілік-аумақтық құрылымындағы өзгерістермен, саяси және әлеуметтік-экономикалық реформалардың барысымен, өңірлерді дамыту шараларының жүзеге асырылуы мен елордамыз Астананы дамытудағы жетістіктермен таныстырды.

Елші сондай-ақ Қазақстандағы қалалық ортаның сапасын жақсарту мәселелеріне назар аударып, қала инфрақұрылымын дамыту, қала құрылысы және «ақылды қала» (Smart City) тұжырымдамасы бойынша Чехиямен озық тәжірибе алмасуға қызығушылық танытты.

Прага мэриясының өкілдері қазақстандық тараппен ынтымақтастықты жандандыруға және тығыз байланыс орнатуға өзара қызығушылық танытты.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар кең ауқымды мәселелер бойынша одан әрі жемісті ынтымақтастыққа сенім білдірді.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -