Тоқаев Словакияны маңызды күнмен құттықтады

5049
Фотосурет: VLADIMIR SIMICEK / AFP

Мемлекет басшысы Словакия Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды DKnews.kz.

Қасым-Жомарт Тоқаев Петер Пеллегрини мен словак халқын Конституция күнімен құттықтады.

Президент құттықтау жеделхатында Cловакия Конституциясының қағидаттары алдағы уақытта да елдің өркендеуі мен тұрақты дамуының мызғымас кепілі ретінде қызмет ете беретініне сенім білдірді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Петер Пеллегринидің жауапты мемлекеттік қызметіне табыс, ал достас словак халқына құт-береке тіледі.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -