Оттавада қазақ-канадалық серіктестігінің жаңа мүмкіндіктер талқыланды, деп хабарлайды DKnews.kz.
Қазақстанның Канададағы Елшілігі Канаданың бизнес және өңірлік үкімет өкілдерімен бірлесіп Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауының негізгі тезистерін онлайн талқылау ұйымдастырды.
Өз сөзінде Канададағы ҚР Елшісі Дәулетбек Құсайынов іс-шара қатысушыларды Мемлекет басшысы ұсынған негізгі тезистермен және бірқатар жаңа бастамалармен таныстырып, олардың іске асыруы энергетика, цифрландыру, жасанды интеллект және т.б. салалардағы қазақ-канадалық әріптестігін одан әрі кеңейтудің қосымша мүмкіндіктер туралы мәлімдеді.
Жолдаудың экономикалық бағытын ескере отырып, орнықты әлеуметтік-экономикалық даму, азаматтардың әл-ауқаты мен инвестициялық ортаны жақсарту жөніндегі алға қойылған мақсаттарға ерекше назар аударылды.
Сондай-ақ қазақ дипломаты ү.ж. 6 қазанда елімізде атом электр станциясын салу мәселесі бойынша алдағы референдумның маңыздылығын атап өтті, оны өткізу Президент Қ. Тоқаевтың энергетикалық қауіпсіздік проблемасына және халықтың пікіріне негізделген елдің болашақ дамуына ерекше көзқарасын айғақтайды.
Өз кезегінде іс-шараға қатысушылар ҚР Президентінің Жолдауында қозғалған реформалар мен күн тәртібінің өзектілігін атап өтіп, Қазақстан үкіметінің елді одан әрі дамыту жөніндегі бастамалары мен стратегиялық шешімдерін қолдады.
Атап айтқанда, Президент Қ. Тоқаев жүргізіп жатқан реформалар стратегиялық сипатта болып, дамудың барлық салаларын қамтитыны, ал алдағы референдум елдегі жалпыұлттық диалог пен демократиялық өзгерістердің кең ауқымды айғағы болып табылатыны аталып өтті.
Онлайн кездесу барысында тараптар қазақ-канадалық өзара іс-қимылының, атап айтқанда тау-кен өнеркәсібі, минералдық ресурстар және ауыл шаруашылығы саласындағы өзекті мәселелерін, сондай-ақ ү.ж. қыркүйек айында канадалық бизнес-миссияның Қазақстанға алдағы сапарын талқылады.