Қазақстан Елшісі Марғұлан Баймұхан Люксембургте бірқатар мақсатты кездесулер өткізді, деп хабарлайды DKnews.kz.
Атап айтқанда, қазақ дипломаты Ұлы Герцогтігінің Сыртқы істер министрлігінің саяси директоры Вероника Докендорфпен кездесіп, екіжақты және көпжақты бағыттағы алдағы оқиғаларды талқылады.
М. Баймұхан люксембургтік әріптесін ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қыркүйектегі Жолдауының негізгі аспектілері туралы бөлек хабардар етті.
Ел басшылығының теңгерімді, прагматикалық көпвекторлы сыртқы саясатты жалғастыру ниетін ерекше атап өтті.
Люксембург Сауда-өнеркәсіп палатасының өкілдерімен кездесу барысында ағымдағы жылдың қазан айының басына жоспарланған Қазақстанның инвестициялық, сауда-экономикалық мүмкіндіктерінің алдағы презентациясының егжей-тегжей мәселелері талқыланды.
Қазақстан мен Люксембург бизнес субъектілерінің іскерлік ынтымақтастығы саласында оң динамика аталып өтті.
Кездесулер нәтижесінде ынтымақтастықтың жоғары қарқынын сақтау және бірқатар бірлескен іс-шараларды өткізу туралы келісімге қол жеткізді.
Люксембург Сауда-өнеркәсіп палатасы елдегі 90 мыңнан астам компанияны біріктіреді, оларда ел халқының 75%-ға жуығы жұмыс істейді. Сауда-өнеркәсіп палатасының мүшелері Люксембургтің ЖІӨ-нің 80%-дан астамын құрайды.