Қазақстан GIZ пен маңызды шартқа қол қойды

11924
Фотосурет: Gov

Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі мен Deutsche Gesellschaft für Internationale Zusammenarbeit (GIZ) GmbH Орталық Азияда жаңартылатын энергия көздерін дамыту туралы келісімге отырды, деп хабарлайды DKnews.kz.

2024 жылғы 17 қыркүйекте ҚР Энергетика министрлігі мен GIZ арасында «Орталық Азияда жаңартылатын энергия көздерін дамыту жобасын іске асыру туралы келісім» (Келісім) жасалды.

Келісімнің мақсаты - Орталық Азиядағы жаңартылатын энергия көздерін өңірлік және ұлттық интеграциялау аясын кеңейту үшін негізгі шарттарды нығайтуға бағытталған.

Аталған келісім Қазақстанның «жасыл энергия» көздеріне көшу стратегиясын іске асырудағы маңызды кезең болып табылады.

Сонымен қатар, шарт өңірдің энергетикалық тәуелсіздігі мен экологиялық тұрақтылығын арттыруға ықпал ете отырып, климаттың өзгеруіне және орнықты дамуға қарсы күрес жөніндегі жаһандық мақсаттарға сай келеді.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -