Таиландтағы VI Конгресс: Қазақстан сот төрелігінің жаһандық мәселелерін талқылауға қатысады

6919
Фотосурет: Gov

ҚР Конституциялық Соты Азияның конституциялық соттары және теңестірілген институттары ассоциациясының VI Конгресіне қатысуда, деп хабарлайды DKnews.kz.

Конституциялық Соттың Төрағасы Эльвира Азимова мен судья Қайрат Жақыпбаев ағымдағы жылғы 17-21 қыркүйегінде Бангкок қаласында (Тайланд Корольдігі) өтіп жатқан Азияның конституциялық соттары және теңестірілген институттары ассоциациясының VI Конгресіне қатысуда.

Конгресс Азияның конституциялық соттары қауымдастығына және оған теңестірілген институттарға қатысушы мемлекеттердің конституциялық бақылау органдарының төрағалары мен судьяларын, Құқық арқылы демократия үшін Еуропалық Комиссияның (Венеция комиссиясы), Африканың конституциялық юрисдикциясы, Еуропалық конституциялық соттардың конференцияларының және Еуразиялық конституциялық бақылау органдары қауымдастығының өкілдерін біріктірді.

Конгресстің негізгі тақырыбы – «Тұрақты қоғам үшін конституциялық сот төрелігін нығайтудағы конституциялық соттар мен теңестірілген институттар». Шара мына мәселелерді талқылауға арналған үш сессияны қамтиды:

  • Тұрақты қоғам үшін конституциялық сот төрелігін нығайтудағы конституциялық соттар мен теңестірілген институттардың рөлі.
  • Өзгермелі әлем контекстіндегі конституциялық сот төрелігінің эволюциясы.
  • Конституциялық сот төрелігі тұрақты әлеуметтік дамудың негізі ретінде.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -