Қазақстан мен ЕО шикізат ресурстары саласындағы стратегиялық әріптестік жолында

5027
Фотосурет: Gov

Люксембургте Қазақстан мен Еуропалық Одақ ынтымақтастық кеңесінің 21-ші отырысы өтті, деп хабарлайды DKnews.kz.

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Өнеркәсіп комитетінің төрағасы Азамат Панбаев 14 қазанда Люксембургте өткен ҚР-ЕО ынтымақтастық кеңесінің аса маңызды шикізат материалдарын әрі қарай дамыту бойынша 21-ші отырысына қатысты.

ЕО пен Қазақстан арасындағы ынтымақтастық жөніндегі отырыс шеңберінде ағымдағы іс-шаралардың қорытындылары ұсынылып, одан әрі әріптестіктің перспективалары мен 2025-2026 жылдарға арналған Жол картасына қол қою талқыланды.

Отырыс барысында Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы стратегиялық серіктестікті нығайту мақсатында критикалық шикізаттарды тұрақты басқару, технологиялар трансферті және экологиялық инновациялар бойынша ынтымақтастықты дамыту мәселелері талқыланды. Қатысушылар арасындағы пікір алмасу нәтижесінде бірлескен жобаларды жүзеге асыру арқылы ресурстарды тиімді пайдалану мен қайта өңдеуді жақсартудың жаңа мүмкіндіктері анықталды, бұл екі тараптың экономикалық байланыстарын одан әрі тереңдетуге ықпал етеді.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -