ТМД Қорғаныс министрлері 2030 жылға дейінгі әскери ынтымақтастық тұжырымдамасын талқылады

3729
Фотосурет: Gov

Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов Мәскеудегі Достастық іс-шарасына қатысты, деп хабарлайды DKnews.kz.

Ресей Федерациясында Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттер қорғаныс министрлері кеңесінің кезекті отырысы өтті.

Отырыс басталғанға дейін делегация басшылары әскери даңқ мемориалы – Белгісіз сарбаздың қабіріне гүл шоқтарын қою рәсіміне қатысты.

Қорғаныс министрлері ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің 2030 жылға дейінгі әскери ынтымақтастық тұжырымдамасының жобасын қарады.

1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына дайындыққа ерекше назар аударылды. Ұрыс даласында қаза тапқан жауынгерлерді еске алу мақсатында бірқатар іс-шаралар, оның ішінде ТМД-ға қатысушы мемлекеттер қарулы күштерінің IV әскери-спорттық ойындары ұйымдастырылатын болады.

Отырыста сондай-ақ 2024 жылы Достастық мемлекеттері қорғаныс министрлері кеңесінің жұмыс органдарының әскери ынтымақтастықты дамыту жөніндегі қызметінің қорытындылары шығарылып, алдағы кезеңге арналған жоспары белгіленді.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -