Қазақстанның Еуропаға, Латын Америкасына және Солтүстік Африкаға елшілері тағайындалды

3993
Фотосурет: Akorda

2024 жылғы 15 қарашада Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар елшілерді тағайындады, деп хабарлайды DKnews.kz.

  • Тимур Владимирұлы Пірімбетов Қазақстан Республикасының Қасиетті Тақ жанындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының Иерусалим, Родос және Мальта Қасиетті Иоаннының Егеменді Әскери Госпитальерлер Орденінің жанындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасының Мексика Құрама Штаттарындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымынан босатылды;
  • Алмұрат Асылмұратұлы Тұрғанбеков Қазақстан Республикасының Мексика Құрама Штаттарындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды;
  • Жанна Ниязбекқызы Сағынова Қазақстан Республикасының Словак Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды;
  • Әнуарбек Серікұлы Ахметов Қазақстан Республикасының Алжир Халық Демократиялық Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды.

Тимур Владимирович Пірімбетов – Қазақстан Республикасының Қасиетті Тақ жанындағы Елшісі, Қазақстан Республикасының Иерусалим, Родос және Мальта Қасиетті Иоаннының Егеменді Әскери Госпитальерлер Орденінің жанындағы Елшісі қызметін қоса атқарушы

1973 жылы 17 қыркүйекте Алматы қаласында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін бітірген.

Дипломатиялық қызметін 1997 жылы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Еуропа және Америка департаментінде референт қызметінен бастап, содан кейін атташе және үшінші хатшы қызметтерін атқарды. 1999 жылдан 2004 жылға дейін Испаниядағы ҚР Елшілігінің үшінші, екінші хатшысы болып жұмыс істеді.

2004-2018 жылдары Қазақстан Республикасы Президентінің протоколында қызмет етті, онда протокол бастығының орынбасары лауазымына дейін барлық сатылардан өтті. 2018 жылдан 2019 жылға дейін Ресейдегі ҚР Елшілігінің кеңесші-уәкілі болды.

2019 жылдан 2023 жылға дейін Қазақстанның Латвиядағы Елшісі қызметін атқарды.

Қазақстанның Қасиетті Тақ жанындағы Елшісі, Қазақстанның Иерусалим, Родос және Мальта Қасиетті Иоаннының Егеменді Әскери Госпитальерлер Орденінің жанындағы Елшісі қызметін қоса атқарушы болып тағайындалғанға дейін 2023 жылғы қазаннан бастап Қазақстанның Мексикадағы Елшісі болды.

Төтенше және Өкілетті Елші дипломатиялық дәрежеге ие. Испан және ағылшын тілдерін меңгерген.

Алмұрат Асылмұратұлы Тұрғанбеков – Қазақстан Республикасының Мексика Құрама Штаттарындағы Елшісі

1972 жылы 13 мамырда Талдықорған облысында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «заңгер» мамандығы бойынша тәмамдаған (1998 ж.).

Дипломатиялық қызметін 2000 жылғы тамызда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Шарт-құқықтық департаментінің атташесі ретінде бастаған. 2002-2004 жылдары Өзбекстандағы ҚР Елшілігінде атташе және үшінші хатшы, ал 2004-2006 жылдары Украинадағы ҚР Елшілігінде үшінші және екінші хатшы болып жұмыс істеді.

2006 жылдан 2007 жылға дейін ҚР Президенті Әкімшілігінде бас сарапшы, 2007 жылдан 2009 жылға дейін ҚР Парламенті Сенаты Аппаратында сектор меңгерушісі және Сенат Төрағасының кеңесшісі лауазымдарында қызмет етті.

2009-2021 жылдары СІМ Орталық аппаратында және Украина, Испания мен Кубадағы ҚР елшіліктерінде әртүрлі лауазымдарда қызмет атқарды. 

2022-2023 жылдары – Сыртқы істер министрінің кеңесшісі, ҚР СІМ Әдеп жөніндегі уәкілі.

Қазақстанның Мексикадағы Елшісі қызметіне тағайындалғанға дейін 2023 жылғы маусымнан бастап ҚР СІМ Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі болды.

II сыныпты Төтенше және Өкілетті Уәкіл дипломатиялық дәрежеге ие. Ағылшын, испан және португал тілдерін меңгерген.

Жанна Ниязбекқызы Сағынова – Қазақстан Республикасының Словак Республикасындағы Елшісі
 
1971 жылы 6 қазанда Бішкек қаласында дүниеге келген. Қарағанды мемлекеттік университетін (1993 ж.) және Қазақ мемлекеттік заң академиясын (2002 ж.) экономист және заңгер мамандықтары бойынша тәмамдаған. Экономика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежеге ие.

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі жүйесіндегі мансабын 1993 жылғы қыркүйекте БҰҰ және мамандандырылған ұйымдар бөлімі референті лауазымынан бастады. 2003 жылғы наурызға дейін ҚР СІМ Орталық аппаратында және Қазақстанның Мажарстандағы Елшілігінде референттен кеңесшіге дейін әртүрлі қызметтерді атқарды.

2003 жылдан бастап ҚР Парламентінің жүйесінде.

Қазақстанның Словакиядағы Елшісі қызметіне тағайындалғанға дейін 2020 жылдан бастап ҚР Парламенті Сенаты Аппаратының Халықаралық ынтымақтастық және протокол бөлімі меңгерушісінің орынбасары болды.

ІІ сыныпты Төтенше және Өкілетті Уәкіл дипломатиялық дәрежеге ие. Ағылшын тілін меңгерген.

Әнуарбек Серікұлы Ахметов – Қазақстан Республикасының Алжир Халық Демократиялық Республикасындағы Елшісі

1977 жылы 11 мамырда Екібастұз қаласында дүниеге келген. 1998 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын үздік бітірген, ал 2010 жылы Сорбонна университетінің Бизнес әкімшілігі институтында магистр дәрежесін алды.

Дипломатиялық мансабын 1998 жылы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Азия, Таяу Шығыс және Африка департаментінде референт қызметінен бастады. 1999-2005 жылдары Жапониядағы ҚР Елшілігінде атташе, үшінші хатшы және екінші хатшы болып жұмыс істеді.

2005 жылы ҚР СІМ Қазақстанның Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына (ЕҚЫҰ) төрағалық етуге өтінішін ілгерілету орталығының кеңесшісі қызметін атқарды. 2005-2007 жылдары ҚР СІМ Жалпыеуропалық ынтымақтастық департаментінің кеңесшісі болды.

2007 жылдан 2013 жылға дейін Франциядағы ҚР Елшілігінде бірінші хатшы және кеңесші болып қызмет атқарды. 2014-2018 жылдары ҚР СІМ Сыртқы экономикалық саясат департаменті директорының орынбасары болды.

2018-2020 жылдары ҚР СІМ Еуропа департаментін басқарды, ал 2020-2023 жылдары Қазақстанның Страсбург қаласындағы (Франция) Бас консулы болды.

Қазақстанның Алжирдегі Елшісі болып тағайындалғанға дейін 2023 жылдан бастап ҚР СІМ Сыртқы саяси талдау және стратегиялық жоспарлау департаментінің директоры қызметін атқарды.

І дәрежелі Кеңесші дипломатиялық дәрежесіне ие. Ағылшын, жапон және француз тілдерін меңгерген.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -