XVII Халықаралық «Евразия» кинофестивалі аймақтағы ең ірі кино оқиғасы болмақ. Ол көрермендерді тек фильмдердің алуан түрлілігімен ғана емес, сондай-ақ олардың терең мағынасымен таңқалдырады.
Бұл жөнінде фестивальдің іріктеу комиссиясының төрайымы, философия докторы (PhD) және AlmaU университетінің профессоры Айбарша Бөжеева атап өтті, деп хабарлайды DKnews.kz.
Маманның кино мен өнертану саласындағы сарапшылығы шараның табысты болуының көрсеткіші.
Іріктеуге әлемнің түкпір-түкпірінен 60-тан астам фильм түскен. Комиссия мүшелері қатарында Айбарша Бөжеева, француз журналисі және киносыншы Барбара Лорей де Лашарье және отандық режиссер Азат Хакимов болды. Олар ұсынылған туындыларды мұқият таңдап, тек талапқа сай келетін фильмдерді іріктеді.
«Бірінші кезекте біз фильмдердің ой тереңдігіне назар аударамыз. Фестивалдық кино – көңіл көтеретін контент емес, бұл бірегей туынды. Ол көрерменге ой салады, пікірталас тудырады» Айбарша Бөжеева
Негізгі талаптардың ішінде:
- Ой тереңдігі мен көркемдік – фильмдер философиялық мәселелерді көтеріп, сантүрлі бейнелерді аша отырып, көрерменге әсер етуі керек.
- Кино тәсілдерінің дамуы – бейне, монтаж және әдістермен сынақ жасау фестивальдік киноның айрықша белгісі.
- Руханият – заманауи өнердің құрамдас бөлігі.
Іріктеуден өткен фильмдердің басым бөлігі – авторлық туындылар. Олар көпшілік үйренген дәстүрлі жанрлар шекарасынан шығып, жаңа өрістерді іздейді. Кейбір туындылар бір қарағанда жанрлық киноға ұқсас, бірақ тереңірек үңілсек күтпеген ойларға жетелейді.
«Менің фаворитім – француз фильмі Disco boy. Бұл босқындар жайлы экшн емес, ол адам болмысы туралы терең ой тудырады. Күтпеген финал, философиялық ой, жаңа бір қырдың ашылуы. Мұндай кино тек Фрэнсис Коппола сияқты ұлы режиссерлердің деңгейінде бағаланады» Айбарша Бөжеева
Әрбір фильмнің өзіндік ерекшелігі бола тұра, іріктеу комиссиясы үйлесімділікке ұмтылған. Қарқыны, жанры және идеясы әртүрлі картиналар таңдалды. Олардың барлығы конкурс талаптарына сәйкес келеді.
Көрермендер дәстүрлі кинематографиялық әдістер мен жаңа тәілдер қолданылған шығармаларды көре алады. Фестивальде Евразия елдерінен келген фильмдерге ерекше назар аударылды. Айбарша Бөжееваның айтуынша, бұл жұмыстар өз даралығымен таң қалдырады:
«Олар классикаға айналған драматургиялық ережелерге бағынбайды. Бұл қас пен көздің арасында өтетін өмірдей, анық басы мен соңы жоқ, көпнүктемен аяқталатын оқиға. Бұл ұлы тұлғалардың мұрасы» Айбарша Бөжеева
Айбарша Божееваның пікірінше, бүгін көңіл көтеретін контенттің басымдылыққа ие. Сондықтан фестивальдік кино қазір ауадай қажет. Ол байқауға қатысатын фильмдердің 60-жылдардағы кинолардан кем емес екенін атап өтіп:
«Бұл фильмдер бізге терең мағынаны сезініп, әлемге басқаша көзқараспен қарауға мүмкіндік береді. Анық көрінген дүниенің жасырын мәні бар екенін баяндайды» Айбарша Бөжеева
Дәстүрлі фестивальдің негізін қалаушы және ұйымдастырушы – ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі. Кинофестивальді тікелей ұйымдастыру Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» ұлттық киностудиясына жүктелген.
Айта кетейік, іс-шараға Bazis-A халықаралық құрылыс компаниясы, KAZ Minerals кен өндіру компаниясы, Sarens Kazakhstan, Salem Entertainment, Kinopark Theatres кинотеатрлар желісі және Astana Motors демеушілік етті.
24-30 қараша аралығында Алматыда ең басты кино оқиғасы – «Евразия» халықаралық кинофестивалі өтеді. Айбарша Бөжеева және оның әріптестері іріктеген фильмдер өнерсүйер қауымға нағыз мереке сыйламақ. Толығырақ ақпаратпен фестивальдің ресми сайтында танысуға болады.