Ақмола облысында қызмет алушылардың құқықтарын қорғау жаңа деңгейге көтерілді

572
Фотосурет: freepik.com

Ақмола облысында 1275 қызмет алушының бұзылған құқықтары қалпына келтірілді, деп хабарлайды DKNews.kz.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Ақмола облысы бойынша департаментінің басты міндеттерінің бірі – көрсетілетін қызметті алушылардың құқықтарын қалпына келтіру және олардың сақталуын қамтамасыз ету.

Осылайша, Департамент 2025 жылдың 3 тоқсанында мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге бақылау жүргізу нәтижесінде 13794 бұзушылық анықтап, 1275 қызмет алушының бұзылған құқықтарын қалпына келтірді.

Мысалға, осыған дейін ақпараттық жүйедегі іркілістерге байланысты  «Көлік құралының сәйкестендіру нөмірі бойынша көлік құралдарының жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу, есепке алу және есептен шығару, сондай-ақ көлік құралдарын тіркеу туралы куәліктер мен мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілерін беру» қызметін көрсетуден бас тартылған, 187 өтініш иесіне Департаменттің тексеруінен кейін көлік құралдарына мемлекеттік тіркеу жүргізілді. Осыған ұқсас, Департаменттің араласуынан кейін 5 өтініш иесіне мүлікке және зияткерлік меншікке құқықтар саласында басқа да қызметтер көрсетілді.

849 азаматтың жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы салаларында қызметтерді алу кезінде құқықтарының сақталуы қамтамасыз етілді, олардың 185 жер учаскелеріне құқықтарын ресімдеді.

179 өтініш иесінің оларға ақпараттық жүйеде өтінімдерін дұрыстап қайта тапсыру мүмкіндігін беру арқылы ауыл шаруашылығы саласындағы субсидияландыру мәселелері бойынша құқықтары қалпына келтірілді. Соның ішінде 1 кәсіпкерге 1 050 000 теңге инвестициялық салымдар кезінде агроөнеркәсіптік кешен субъектісі шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеу бойынша субсидиялар төленді.

55 қызмет алушыға басқа да: әлеуметтік қорғау, білім және ғылым, құжаттандыру салаларында қызметтер көрсетілді.

Қызмет алушылардың құқықтарын сақтау мәселесі Департаменттің тұрақты бақылауында.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -