Қазақстан әріптестерімен Арал теңізінің болашағын талқылады

7040
Фотосурет: Gov

Бакуда Қазақстанның Аралды құтқару бойынша жұмысы талқыланды, деп хабарлайды DKnews.kz.

Қазақстанның Әзербайжандағы Елшілігі мен Халықаралық Аралды құтқару қорының (ХАҚҚ) Атқарушы комитеті БҰҰ Климаттың өзгеруі туралы негіздемелік конвенциясы (COP29) Тараптарының конференциясы шеңберінде «Орталық Азия климаттық әсерді ескере отырып, Арал теңізі бассейніндегі су ресурстарын трансшекаралық басқарудың тиімділігін арттыру жолында» атты іс-шара өткізді.

ХАҚҚ құрылтайшы мемлекеттері мен даму жөніндегі халықаралық әріптестер арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға және кеңейтуге бағытталған сайд-ивенттің ұйымдастырушылары арасында Герман халықаралық ынтымақтастық қоғамының (GIZ) «Жасыл Орталық Азия» өңірлік бағдарламасы және Халықаралық суды бағалау орталығы болды.

Қазақстанның Әзербайжандағы Елшісі Әлім Байел өз сөзінде ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың СОР29-ға қатысуы және өткізілген келіссөздер туралы айтып берді. Ә. Байел Қазақстанның Арал теңізін құтқару бойынша жүргізіп жатқан шаралары туралы баяндап, еліміздің Солтүстік Арал теңізін толтыру ісінде үлкен прогреске қол жеткізгенін және соңғы жылдары оның су ресурстарының айтарлықтай толықтырылғанын хабарлады. Сонымен қатар дипломат Қазақстан биыл Халықаралық Аралды құтқару қорына төрағалықты қабылдағанына да назар аударды.

Іс-шара аясында қатысушылар Орталық Азияның су секторы үшін климаттық қатерлерді, сондай-ақ бірлескен шараларды іске асыру мәселелерін талқылады. Қатысушылар Арал теңізі бассейніндегі климаттың өзгеруіне бейімделу және климаттың су ресурстарына теріс әсерін азайту шараларына қатысты пікірлерімен бөлісті.

Панельдік сессиялар барысында Арал теңізі бассейнінде жобалар мен бағдарламаларды іске асыру бойынша Орталық Азия елдері мен халықаралық әріптестердің іс-қимылдарын үйлестіру және практикалық ынтымақтастықты арттыру жолдары талқыланды.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -