Астана мен Загреб өзара тиімді әріптестікті нығайтуға ниетті

12331
Фотосурет: Gov

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Хорватияға ресми сапарының екінші күні Хорватия Республикасының Премьер-министрі Андрей Пленковичтің қабылдауында болды, деп хабарлайды DKnews.kz.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2024 жылғы қарашада Бакуде СОР29 алаңында өткен Хорватия үкіметінің басшысымен екіжақты келіссөздерін жалғастыра отырып, тараптар саяси диалогты нығайтуға және екі ел арасындағы іскерлік байланыстарды кеңейтуге бағытталған алдағы қадамдарды талқылады.

Атап айтқанда, Министр сұхбаттасын Мемлекет басшысының бастамасымен Қазақстандағы институционалдық саяси және әлеуметтік-экономикалық реформалармен таныстырды. Іске асырылып жатқан шаралар елімізде бизнесті ашуға және жүргізуге қолайлы жағдай жасауға ықпал ететіні аталып өтті.

М. Нұртілеу хорват компанияларды Қазақстанмен сауда-инвестициялық әріптестікті орнатуға және дамытуға шақырып, энергетика, көлік және логистика, ауыл шаруашылығы, ақпараттық технологиялар, білім беру, туризм сияқты перспективалы бағыттарды атап өтті.

Осы тұрғыда тараптар іскерлік байланыстарды арттыруға Экономикалық ынтымақтастық жөніндегі қазақ-хорват үкіметаралық комиссиясының және «Қазақстан-Хорватия» Іскерлік кеңесінің жұмысы ықпал етуі тиіс деген ортақ пікір білдірді, олардың келесі отырыстары Астанада 2025 жылы жоспарланып отыр.

Өз кезегінде А. Пленкович сенім мен өзара қолдауға негізделген Астана мен Загреб арасындағы саяси диалог пен өзара тиімді әріптестікті нығайтуға деген өзара ұмтылысын растады.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар екі ел арасындағы сындарлы өзара іс-қимылды, оның ішінде аса жоғары және жоғары деңгейдегі сапарларды ұйымдастыру және өткізу арқылы жалғастыру уағдаластығына қол жеткізді.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -