Қазақстанның Ирандағы Елшісі Оңталап Оңалбаев Иран Ислам Республикасының Сыртқы істер министрінің экономикалық дипломатия жөніндегі орынбасары Сайед Расул Мохажермен кездесті, деп хабарлайды DKnews.kz.
Кездесуде тараптар екі елдің сауда-экономикалық, көлік-логистикалық және бірлескен өзара инвестициялық жобаларды жүзеге асыру, Құрық (Қазақстан) және Бандар-Аббас (Иран) порттарын инфрақұрылымдық дамытуын, Қытай-Қазақстан-Иран бағыты бойынша транзиттік жүк тасымалдау мәселелерін жан-жақты талқылады.
Қазақстан Елшісі екіжақты жоғары деңгейдегі делегациялардың сапарлары мен бизнес қауымдастықтың өзара сапарлары екі елдің экономикалық байланысына тың серпін беретініне назар аударды.
Өз кезегінде С. Мохажер Қазақстанды стратегиялық әріптес ретінде қарастыратынын мәлімдеп, екі ел арасында қол жеткізілген уағдаластықтар мен келісімдерді іске асыру үшін екі елдің мол әлеуетін толық қолдануға дайын екенін жеткізді.