Қазақстан Египет халқына қолдау білдірді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Гиза қаласының маңында болған қайғылы жол апатына байланысты Египет Президенті Абдель Фаттах Ас-Сисиге көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды DKNews.kz.
Бұл туралы 2026 жылғы 27 қарашада Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Гиза маңындағы жол апаты адам өмірін қиды
Мемлекет басшысы қаза тапқан азаматтардың отбасылары мен жақындарына көңіл айтып, бауырлас Египет халқына қолдау білдірді.
Ресми хабарламада қаза тапқандардың саны, жол апатының мән-жайы мен себептері нақтыланбаған.
Бұған дейін біз Қазақстан мен Египет арасындағы достық пен ынтымақтастықтың нығаюы туралы жазған болатынбыз.