Жасанды интеллект және журналистиканың тұтастығы үшін күрес

14245
Фотосурет: ЕО ҚР

Қазақстан Республикасындағы Еуропалық Одақ Өкілдігі жасанды интеллект (ЖИ) пен ақпараттық манипуляцияның өзара әрекеттесуін, сондай-ақ журналистер қызметіндегі ЖИ мүмкіндіктері мен тәуекелдерін талқылауға арналған екінші медиа форум сәтті ұйымдастырды, деп хабарлайды DKnews.kz.

Форум мазмұнды пікірталас, тәжірибе алмасу, білім алу және байланыстар орнату мақсатында тартымды платформаны құра отырып, журналистер, фактчекерлер, зерттеушілер және түрлі БАҚ өкілдерін біріктірді.

Еуропалық Одақтың Қазақстандағы Елшісі Алешка Симкич ханым форумды аша отырып:

«ЕО өз серіктестермен бірлесе, ақпараттық манипуляция мен жалған ақпарат туралы хабардарлықты арттыру, онымен күресу және оған қарсы тұру қабілеттілігін ЕО аумағында да, жаһандық деңгейде де қалыптастыруға ұмтылады. Жасанды интеллект сияқты дамып келе жатқан технологиялар жалған ақпаратпен күресуде қару немесе қалқан бола алады: ең маңыздысы оларды қалай қолданып, түсінетінімізде. Бірге хабардар болу, біліммен бөлісу және міндеттеме арқылы біз ақпараттық манипуляцияның өсіп келе жатқан қиындықтарына төзімділікті арттырып, журналистиканың тұтастығын қорғай аламыз»

Maqsut Narikbayev University Басқарма Төрағасы Талғат Нәрікбаев мырза болашақ сын-қатерлерге жауап бере алатын кәсіби мамандарды даярлау – университеттің басты бағыттарының бірі екенін атап өтті. Оның айтуынша, форум тақырыптары журналистік этиканың маңыздылығын айқындап, ашық әрі әділ қоғам құрудағы рөлін көрсетеді:

«Кәсіби стандарттарды дамыту мен жалған ақпаратпен күресу – қоғам сенімін нығайтып, демократиялық құндылықтарды қорғаудың басты қадамдары деп есептейміз» Талғат Нәрікбаев 

Форум барысында «БАҚ болашағы – жасанда интеллект көзімен» атты көрмесі өтті. Ол ЖИ мен автор шығармашылығының өзара әрекеттесуін көрсетуге арналды. Көрме әр түрлі тілдердің, ЖИ құралдарының және жеке көзқарастың суретке қаншалықты әсер ететінін зерттеді. Біраз ойға батыратын көрме ЖИ күрделілігін көрсетеді. Жасанды интеллект арқылы даярланған суреттерді MNU студенттері мен ЕО мүше мемлекеттерінің өкілдері жасаған.

Форум қатысушылары «Заманауи ақпараттық манипуляцияларға қалай қарсы тұруға болады?» және «Журналист жасанды интеллектті қолдануы керек пе?» атты екі семинарға қатысты. Бұл семинарларды тәжірибелі еуропалық жаттықтырушылар жүргізіп, қатысушыларға кәсіби дағдыларын арттыру және дамып келе жатқан медиа ландшафтты тиімді шарлау үшін практикалық құралдар мен түсініктер ұсынды.

Media Forum 2024 белсенді диалогты дамыту, білім алмасу және медиа қоғамдастықтың ЖИ мен ақпараттық манипуляцияның күрделілігін тану қабілетін нығайтуға арналған платформа ретінде қызмет етті. Жаңа технологиялар медиа-ландшафттың қалыптасуына біраз әсерін тигізуіне орай, Еуропалық Одақ журналисттер мен БАҚ мамандарына осы өзгерістерге бейімделуде қолдау көрсетуге әрқашан дайын. Форум барысындағы табысты талқылаулар, семинарлар мен көрме цифрлық дәуірде ақпараттық кеңістіктің тұтастығын сақтау және өзгерістерге дайын әрі жауапты медиа тәжірибені дамытуға деген ортақ міндеттемені көрсетеді. Еуропалық Одақ Қазақстан және де басқа серіктестерімен болашақтағы өзгерістерге төзімді әрі білікті медиа қоғамдастығын құру мақсатында ары қарай ынтымақтастығын жалғастыруды асыға күтеді.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -