Қазақстан СІМ басшысы Қытай Елшісін қабылдады, деп хабарлайды DKnews.kz.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу дипломатиялық миссияның аяқталуына орай Қытай Халық Республикасының Қазақстан Республикасындағы Елшісі Чжан Сяоны қабылдады.
М.Нұртілеу қазақ-қытай ынтымақтастығының деңгейін жоғары бағалап, Қытай дипломатының екі ел арасындағы мызғымас достық пен өзара қолдауы бар мәңгілік әрі жан-жақты стратегиялық әріптестікті дамытуға қосқан үлесін атап өтті.
Өз кезегінде ҚХР Елшісі өзінің Қазақстандағы миссиясы барысында үнемі қолдау көрсеткені үшін алғысын білдіріп, еліміздегі жұмысы ол үшін үлкен жауапкершілік пен құрмет болғанын білдірді.
Тараптар саяси диалог пен сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі нығайтудың перспективаларын белгілеп, жүргізіліп жатқан мәдени-гуманитарлық іс-шараларды екі халықтың арасындағы достықтың берік көпірі деп атап өтті.