BESS туралы Ақ кітап: Қазақстанның көміртегі бейтараптығына қадам

4796
Фотосурет: Gov

Qazaq Green және Huawei ақ кітабы - Қазақстанның энергия жүйесіндегі BESS болашағы

Huawei Technologies Kazakhstan «Qazaq Green» ЖЭК қауымдастығымен бірлесіп, «ҚР БЭЖ-де энергия жинақтау жүйелерін (BESS) қолдану әлеуеті» атты Ақ кітап жұмысының бірінші кезеңін аяқтады, деп хабарлайды DKnews.kz.

Бастама Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің қолдауымен іске асырылады және энергетикалық ауысуға ықпал ететін негізгі технологияларды дамытуға бағытталған.

Жаңартылатын энергия көздерін энергетикалық жүйеге интеграциялау әлі де басты міндеттердің бірі болып табылады. Энергетикалық жүйенің тұрақты жұмысын қамтамасыз ету үшін генерация мен тұтынудың өзгеретін деңгейі арасында уақытылы тепе-теңдікті сақтау қажет. Алайда, ЖЭК, таралған генерация және электр көлігінің қарқынды дамуы жүктеме өзгерістерінің тұрақсыздығын арттырып, желіні реттеу бойынша дәстүрлі қуаттар талаптарын күшейтеді. Бұл жүйеде артық жүктемелердің, кернеу мен жиілік ауытқуларының және электрмен жабдықтаудың сенімділігінің төмендеуіне әкелуі мүмкін.

Электрохимиялық энергияны сақтау жүйелері (BESS) энергия жүйесінің тепе-теңдігін қамтамасыз ете отырып, осы мәселелерді тиімді шеше алады. Қазақстанда соңғы жылдары бірыңғай энергия жүйесінде тұрақтылықты қолдау үшін келешегі зор шешімдердің бірі ретінде BESS енгізу белсенді талқылануда.

«Жаңартылатын энергия көздерін дамыту және BESS сияқты энергияны жинақтау жүйелерін енгізу Қазақстанның көміртегі бейтараптығына қол жеткізу үшін стратегиялық қадам болып табылады. Qazaq Green және Huawei сияқты сала көшбасшыларымен бірлесіп жұмыс істеу болашақтың тұрақты және сенімді энергетикалық жүйесіне негіз қалайтынына сенімдіміз» Қазақстан Республикасы Энергетика вице-министрі Есімханов Сұңғат

«Қазақстан көміртегі бейтараптығы мен ЖЭК дамуына белсенді түрде бет бұруда. Энергияны сақтау жүйелері осы процестің ажырамас бөлігі болып табылады. Huawei компаниясының бүкіл әлем бойынша BESS әзірлеу мен енгізуде бірегей тәжірибесі бар, сондықтан біз өз білімімізді Қазақстанмен бөлісуге қуаныштымыз» Чжао Сюй, Huawei Technologies Kazakhstan компаниясының бас директоры

Бүгінгі таңда 2024 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша елде жалпы белгіленген қуаты 2903,7 МВт болатын 148 жаңартылатын энергия көздері станциясы жұмыс істейді. Оның ішінде 59 жел станциясы, 46 күн станциясы, 40 ГЭС және 3 БиоЭС. Аталған кезеңде ЖЭК станциялары елдегі электр энергиясының 6,67% өндірді.

Қазақстан 2060 жылға қарай көміртекті бейтараптыққа қол жеткізуді мақсат етіп отыр. Осыған байланысты, бес жылдық кезеңге бекітілген аукциондық сауда-саттық кестесіне сәйкес, аукционға шығарылған жалпы қуаттылық 6,7 ГВт құрайды. Энергетика саласындағы жоспарларды іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласын 2035 жылға дейін дамыту жөніндегі іс-шаралар жоспары қабылданды. Аталған құжат аясында ірі «гигаваттық» ЖЭК жобаларын іске қосу жоспарланғанын атап өту қажет. Бұл жобалар жел электр станцияларын салуды қамтиды, олардың әрқайсысының қуаты 1 ГВт-қа жетеді және олар 300 МВт қуаттылықтағы энергия сақтау жүйелерімен жабдықталады. Аталған жобалар Total Energies, Masdar, AcwaPower, China Power, Hevel (жел электр станциясы + күн электр станциясы) сияқты компаниялармен бірлесіп жүзеге асырылады. Осылайша, алдағы онжылдықта Қазақстандағы энергия сақтау жүйелерінің орнатылған қуаты 1 ГВт-тан асуы мүмкін. Егер Жоспар сәтті іске асырылса, 2035 жылға қарай еліміздің энергетикалық жүйесіндегі ЖЭК орнатылған қуатының үлесі 24,4%-ға жетеді.

«Елімізде жаңартылатын энергия көздерін дамыту үшін маневрлік қуаттар қажет. Газ және гидроэлектр станциялары жобаларын іске асыруға 5 жылдан астам уақыт қажет екенін ескерсек, шешімдердің бірі – қысқа мерзімде орнатуға болатын аккумуляторлық энергия сақтау жүйелерін (BESS) қолдану. Дегенмен, мұндай жүйелердің негізгі кемшіліктері – салыстырмалы түрде жоғары құны, айтарлықтай деградация деңгейі және қысқа мерзімді икемділікті қамтамасыз ету. Осыған байланысты, біз үшін, ЖЭК секторының өкілдері ретінде, BESS жүйелерінің біздің энергетикалық жүйеміздегі рөлі мен функционалын айқындау мәселесі маңызды болып отыр. Бұл сұраққа біз Ақ кітап аясында жауап беруге тырысудамыз» «Qazaq Green» ЖЭК ассоциациясы директорлар кеңесінің төрағасы Нұрлан Капенов

Ақ кітаппен жұмыс аясында сараптамалық талқылаулар мен дөңгелек үстелдер жоспарланған. Ақ кітап 2025 жылдың басына жоспарланған. ақ кітап Электр энергетикасы саласының электрохимиялық энергия сақтау жүйелерін дамыту мәселелеріне қызығушылық танытатын кең ауқымды сарапшыларына арналған. Әзірлеушілер болашақта BESS жүйелерін іске асырудың негізгі ұғымдары, функциялары, тетіктері осы бағытты нормативтік-құқықтық реттеуде көрініс табады деп үміттенеді.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -