Қазақстандағы экономикалық өсудің драйвері болып табылатын салалар қайсысы

1133
Фотосурет: UKIMET

Вице-премьер – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалық етуімен өткен экономикалық өсімді қамтамасыз ету жөніндегі штаб отырысында базалық салаларды дамытудың жыл қорытындысындағы алдын ала болжамы қаралды, деп хабарлайды DKNews.kz.

Өсу драйверлері бұрынғыдай өңдеу өнеркәсібі, құрылыс және азық-түлік өндірісі болып қала бермек.

Өңдеу өнеркәсібі

10 ай бойы сала тұрақты серпінмен дамуда.

Машина жасауда (өңдеудегі үлесі – 17,5%) 11 айдың қорытындысы бойынша 14%, жыл қорытындысы бойынша 16,3% өсім болжануда.

Химия өнеркәсібінің өсуі (өңдеудегі үлесі – 5,4%) жыл қорытындысы бойынша 8% деңгейінде болмақ.

Өңдеу саласында нақты көлемнің 40%-дық өсімін қамтамасыз етіп отырған металлургия өткен жылмен салыстырғанда 0,7%-ға артты. 11 айдағы болжам – 0,8%, жыл қорытындысы бойынша 1,1%.

Жалпы, өңдеу өнеркәсібіндегі жылдық өсу болжамы – 6,2%. Бұл жоспардан 0,8 пайыздық тармаққа жоғары.

Құрылыс

Алдын ала бағалаулар бойынша, жыл соңына дейін 19,2 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріледі, бұл өткен жылмен салыстырғанда 0,4%-ға артық. Жыл қорытындысы бойынша құрылыс жұмыстарының көлемі 10,4 трлн теңге деңгейінде болады деп күтілуде, бұл өткен жылғы көрсеткіштен 15%-ға артық.

АӨК-тегі қайта өңдеу

АӨК-тегі қайта өңдеу секторы 10 айда 9,1% тұрақты өсім көрсетіп отыр. Оған ұн және май өнеркәсібі көп үлес қосуда.

Ұн өндірісі 7%-ға – 2,6 млн тоннадан 2,8 млн тоннаға дейін артты. Өсімдік майын өндіру көлемі 21,7%-ға – 596 мың тоннадан 726 мың тоннаға дейін өсті.

Жалпы АӨК секторында қайта өңдеудегі негізгі капиталға салынатын инвестиция 60%-ға, қайта өңделген өнім экспорты 32,4%-ға өсті.

11 айдағы өсу болжамы – 9,2%, жыл қорытындысы бойынша – 9,3%, жоспар бойынша-4,5%.

2026 жылға АӨК-тегі өңделген өнімі үлесін 70%-ға арттыру міндеті қойылды.

Талқылау қорытындысында Серік Жұманғарин Өнеркәсіп және құрылыс министрлігіне металлургияның дамуына әсер ететін сыртқы және ішкі факторға талдау жүргізіп, өндіріс пен инвестицияның тиімділігін арттыру жөнінде ұсыныс беруді; Құрылыс істері жөніндегі комитетке құрылыс саласын одан әрі дамыту жөнінде ұсыныс дайындауды; Ауыл шаруашылығы министрлігіне АӨК-тегі өңделген өнім үлесін 2026 жылы 70%-ға дейін жеткізу мақсатын ескере отырып, қайта өңдеу көлемін қосымша ұлғайту жөнінде ұсыныс беруді тапсырды.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -