БАӘ көрмелеріндегі қазақстандық брендтер

2673
Фотосурет: Gov

Қазақстандық тауарлар БАӘ нарығында танымал, деп хабарлайды DKnews.kz.

Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев Дубайдағы ЭКСПО-2020 халықаралық көрмесінде Қазақстанның Ұлттық павильонында БАӘ Мемлекеттік сыртқы сауда министрі Тани бен Ахмед Аль Зейудимен кездесті. Кездесу барысында екіжақты ынтымақтастықтың негізгі бағыттары - сауда, бірлескен жобалар мен логистика тақырыптары талқыланды.

Басты тақырып – Қазақстандық өнімдер, олардың БАӘ нарығында артып келе жатқан сұранысы. Арман Шаққалиев Қазақстанның органикалық ауыл шаруашылығы өнімдерін, соның ішінде БАӘ-де танымал салқындатылған қой етін жеткізуге дайын екенін атап өтті. Сонымен қатар, Қазақстан жоғары сапалы ұн, күнбағыс майы, кондитерлік өнімдер және сүт өнімдерін экспорттауға дайын екенін айтты.

«2024 жылдың 10 айында қой етінің экспорты 13,3 мың тоннаны болып, оның жалпы құны 45,3 млн долларды құрады. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда көлем екі есе артты, экспорттық түсім 64%-ға артты» Арман Шаққалиев

Министр сондай-ақ: «Біз халал стандарттар аясында өнімдерге сертификат беру бойынша жұмыстарды белсенді атқарудамыз. 2014 жылдан бері 1800-ден астам қазақстандық және шетелдік компания сертификаттаудан өтті, бұл Қазақстан өнімдерінің жоғары сапасы мен халықаралық стандарттарға сәйкестігін дәлелдейді», – деп мәлімдеді.

Кездесу барысында «QazTrade» АҚ бас директоры Женис Өсербай Қазақстанның экспорттық әлеуетін таныстырып, БАӘ нарығына шығудың негізгі бағыттарын атап өтті. Ол отандық экспорттаушыларды аккредитация, сертификаттау және өнімдерге таңбалау мәселелерінде қолдау көрсетудің маңыздылығын, сондай-ақ Қазақстандық өндірушілердің Gulfood және ADIPEC сияқты ірі халықаралық көрмелерге қатысуын ұйымдастыру туралы айтты. Сонымен қатар, Қазақстан тауарларын БАӘ-дің LuLu және Grandiose сияқты сауда желілеріне шығару мәселелері де талқыланды.

БАӘ Мемлекеттік сыртқы сауда министрі сауда үйлерін тұрақты өкілдіктер ретінде құрудың маңыздылығын атап өтіп, бұл әдіс өнімдерді тиімді жылжытуға және жергілікті тұтынушылардың қажеттіліктерін ескеруге мүмкіндік береді деп айтты.

Кездесу барысында қазақстандық өнімдердің дегустациясы өтті. Қатысушылар ұсынылған қой еті, кондитерлік өнімдер мен алмалардың сапасы мен дәміне жоғары баға берді.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -