Тоқаев пен ТМД елдерінің басшылары ЖЕЭК отырысында бірқатар құжаттарға қол қойды

6105
Фотосурет: Akorda

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев  Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің (ЖЕЭК) кеңейтілген құрамдағы отырысына қатысты, деп хабарлайды DKnews.kz.

Саммит жұмысына Ресей Президенті Владимир Путин, Армения Премьер-министрі Никол Пашинян (бейнебайланыс арқылы), Беларусь Президенті Александр Лукашенко, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров, Өзбекстан Президенті  Шавкат Мирзиёев,  Иранның Өнеркәсіп, кеніштер және сауда министрі Мохаммад Атабак, Еуразиялық экономикалық комиссияның төрағасы Бақытжан Сағынтаев қатысып, Куба Президенті Мигель Диас-Канель Бермудес бейнеүндеу жолдады.

Жиында Еуразиялық экономикалық одақ қызметі мен интеграциялық үрдістерді одан әрі дамытудың өзекті мәселелері талқыланды.

Отырыс соңында Жоғары Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің делегация басшылары бірқатар құжатқа қол қойды.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -