Қауіпсіздік туралы Диалог: Қазақстан мен Сауд Арабиясы өзара іс-қимылдың жаңа нүктелерін іздеуде

11935
Фотосурет: Gov

Сауд Арабиясының Ішкі істер министрі Қазақстан Елшісін қабылдады, деп хабарлайды DKnews.kz.

Қазақстан Елшісі Мадияр Меңілбеков Сауд Арабиясының Ішкі істер министрі Ханзада Әбделазиз бен Сауд бен Наеф Әл Саудпен кездесті.

Кездесу барысында құқық қорғау саласындағы ынтымақтастықтың негізгі бағыттары, сондай-ақ оны одан әрі дамыту мүмкіндіктері талқыланды.

М. Меңілбеков елімізде жүргізіліп жатқан кешенді реформалар туралы баяндап, оның ішінде азаматтардың мүдделерін қорғау, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, мемлекеттік меншік пен активтерді қайтару және т.б. саласындағы мемлекеттік шаралармен жалпылай таныстырды.

Өз тарапынан араб министрі Қазақстан-Сауд Арабиясы қатынастарының оң динамикасын атап өтіп, екі елдің қолда бар мүмкіндіктерін зерделеу, сондай-ақ нақты ұсыныстар әзірлеу арқылы жан-жақты ынтымақтастыққа дайын екенін білдірді.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар сотталған адамдарды беру және азаматтарды экстрадициялау жөніндегі елдер арасында қол қойылған келісімдер шеңберінде неғұрлым тығыз байланыс орнатуға келісті.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -